У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Кеше күлі көкке ұшқан Алматыдағы "Адем" сауда орталығының саудагерлері қала әкімінің келуін талап етіп, бүгін көшені жауып тастады. Алайда, Есімов мырза сол күйі бой көрсетпеді. Керісінше, оқиға орнына арнайы жасақ сарбаздары келіп, наразыларды базар аумағынан ығыстыруға тырысты. Өртенген тауарына өтемақы сұраған бес жүзге жуық адам Солтүстік айналма жолын жарты сағаттай уақыт жауып тұрды.