Атырау облысында 1 тоннадан астам бекіре тәркіленді
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Бүгін таңертең Атырау облысының Исатай ауданы Жанбай ауылы маңында Каспий теңізінің жағалауында браконьерлер қолға түсті. Балық қорғау инспекциясының қызметкерлері қозғалтқышы рұқсат етілген көлемнен қуатты қайықты тексеру кезінде 1 тоннадан астам бекіре тәркіледі. Бұл бағалы балықтардың салмағы шамамен жарты тоннадан асуы мүмкін. Мамандар заңсыз ауланған бекірелердің қандай жолмен ауланғандығын анықтап жатыр. Әзірге белгілісі қайықта болған 4 күдікті ішкі істер органдарына жеткізілген. Тергеу амалдары басталды. Барлық жаңалықтар: http://24.kz/kz/zha-aly-tar Twitter https://twitter.com/tvkhabar24 Facebook https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Вконтакте https://vk.com/tvkhabar24