Sunday, 23 August, 2026г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Атыраулық шаруалар: Жер кодексіндегі өзгерістер шаруаларға тиімді

Атыраулық шаруалар: Жер кодексіндегі өзгерістер шаруаларға тиімдіУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Жер иесіз болмағаны жөн. Атыраулық шаруалар: «Жерді өңдеп, пайдаланбаса, оның текке жатқанынан не пайда?!», – дейді. Ақжонас Балмұқанова өз қожалығына қарасты 50 гектар жеріне қажетін егіп, нәпақа тауып отыр. Биыл фермер картоп, пияз, сәбіз бен қызылшадан өзге бақша дақылдарын да екпек. Климаты қатал, топырағы құнарсыз болып келетін мұнайлы өңір диқандары биыл өнім жиған егістіктің келер жылы демалуы керектігін жақсы біледі. Қазір шаруа қожалығында 15 адам еңбек етіп жатыр. Күзгі терім кезінде тіпті 50 жанға да жұмыс табылады. «Бір телім жерді құр жатқызбай, құнарын ел игілігіне иіп алу керек», – дейді шаруа. Алмақтың да салмағы бар демекші, жерді күтіп баптау да зор машақат, бірақ ерінбей еңбектенгенге өнімі мол. Ақжонас Балмұқанова, шаруа қожалығының жетекшісі -Енді жер деген бос жатпауы керек қой. Оны халық игілігіне пайдалану керек. Мынау жерді біздер 3 жыл жалға алғанбыз. Егін егіп, өзіміздің нәпақамызды тауып жатырмыз. Мына енді шығып жатқан заң біз үшін тиімді деп ойлаймын. Себебі мен бұдан бұрын жерімді жекеменшікке сатып алуға жұмыстанғанымда мен ала алмадым. Жер жекеменшігіңде болса, өзің бағып, оны сақтап, еңбек етіп, ұқыпты пайдаланысың ғой. Мен өзім үшін табыс тауып жатырмын, сонымен бірге ауылдастарыма жұмыс тауып беріп жатырмын. Және қала халқын көкөніспен, бақша дақылдарымен біздер қамтамасыз етіп жатырмыз. Ал Жамбыл облысында 20 жыл тынбай еңбек етіп келе жатқан «Шәушен» шаруа қожалығының ұжымы да осылай дейді. Серіктестік иелігіндегі 4 мың гектар жерге биыл тағы 8 мыңы қосылған. Бұл – ірілендірудің нәтижесінде көрші қожалықтан алынған аумақ. Одан бөлек «Шәушен» – аймақтағы ірі мал өсіруші қожалық. Қазір мұнда 30 мың қой, екі жарым мыңға жуық жылқы бар. Биыл қожалық қымыз өндіруге мықтап ден қойған. Ол үшін арнайы сүт сауу цехы ашылып, қымызбен емдеу орталығы бой көтерді. Демек жайылым жердің де игілігін көріп отыр. Қожалық қызметкерлерінің тұрмысы қалалықтардан еш кем емес. Жерді игеріп, біршама адамға жұмыс берген іскер азамат: «Жер кодексіндегі өзгерістер шаруаларға жақсы», – дейді. Мейрамбек Дөненбаев, шаруа қожалығының жетекшісі -Негізгі заңның бағдары дұрыс. Түсінбейтін адамдар: «Жердің бәрі сатылып кететін болды», – дейді. Ол еш жерге сатылмайды, ол жер өзімізге сатылады. Сонда біз толыққанды ие боламыз. Одан кейін бұл жерді байқап пайдаланамыз.
Мой аккаунт