Франциялық Le Monde басылымы Димаш Құдайбергенов жайлы жазды
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Мақала «Қытайлық тележоба қазақтың шоуына айналды» деген тақырыппен жарық көрді. Автор: «Француз әнін орындау кезінде кейбір сөздер теріс айтылғанымен, Димаш көрерменнің шексіз ықыласына бөленіп, сенсация жасады», – деп жазған.
Әншінің өкілі Алпамыс Шәрімовтың сөзінше, Димашқа қазір Еуропа елдерінен келіп жатқан шақыртулар көп. Жерлесіміз жақын арада Францияның төрінде ән шырқауы мүмкін.
Жалпы Le Monde – Франциядағы таралымы кең журналдардың бірі. Күн сайын 364 240 данамен шығады.