Sunday, 16 August, 2026г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Junior Eurovision 2018: Данэлия Тулешованың бейнебаяны көш бастап тұр

Junior Eurovision 2018: Данэлия Тулешованың бейнебаяны көш бастап тұрУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
15 жасқа толмаған жас жұлдыздар 25 қарашада әлемнің түкпір-түкпірінен Беларусь еліне жиналып, «Минск Аренада» мыңдаған көрермен алдында музыкалық қабілеттерін паш етеді. «Junior Eurovision 2018» халықаралық ән байқауында Қазақстан атынан Данэлия Тулешова өнер көрсетеді. Жас әншінің «Junior Eurovision-2018» байқауының сайтына жүктеген «Өзіңе сен» әнінің бейнебаяны тамашалаған адам саны бойынша қазір көш бастап тұр. Минскіде өтетін дүбірлі додада Қазақстанның намысын қорғайтын Данэлия Тулешованың «Өзіңе сен» әнінің клипін желіде 215 мыңнан астам адам қарап үлгерді. Бейнебаян Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі – Шарын шатқалында түсірілген. «Junior Eurovision 2018» халықаралық байқауы 25 қарашада өтеді. Ұлттық іріктеу кезінде 10 үміткердің ішінен топ жарған Данэлия Тулешова ел үмітін ақтау үшін жауапты кезеңге қолынан келгенше дайындалып жатыр.
Мой аккаунт