Friday, 14 August, 2026г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Қазақстан жерінен 3 ші Алтын Адам табылды

Қазақстан жерінен 3 ші Алтын Адам табылдыУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Қазақстаннан тағы бір алтын адам табылды деген хабар археология қазбаларына бейжай қарай алмайтын кез келген ғалымды елең еткізгені анық. Шығыста жатқан Зайсан ауданының Шілікті даласындағы 200-ге тарта сақ қорғандарының құпиясын ашуға тарихшылар көптен ұмтылып келеді. Мәселен, ол ескерткіштерді 1910 жылдардың шамасында семейлік гидротехник Бокий алғашқы болып зерттесе, сол ғасырдың 40-70 жылдары аралығында профессор Черников жұмыс істеген. Ал, қазақ тарихшылары зерттей бастағалы 4 жылдан асты. Шығыстағы Берел қорымынан жақсы сақталған жылқы қаңқалары, екі адамның мүрдесі табылғаннан кейін елді елең еткізген Шіліктідегі Бәйгетөбе атты обадан шыққан алтын киімді билеушінің сүйегі болды. Шілікті алтын адамы - Қазақстан жерінен табылып отырған үшінші алтын адам. Өткен ғасырдың 60-жылдарында Кемал Ақышевтың Есік қорғанынан сақ ханзадасының мүрдесін табуы тарих ғылымын дүр сілкіндірген. Алтын адам қазірде қазақ тәуелсіздігінің символына айналды. Өкінішке қарай ол кезде антропологиялық кескіндеме жасау мүмкін болмап еді. Ал Шіліктіде табылған алтын адамның кескін келбетін қайта қалпына келтіруге болады екен. Ол жұмыс толығымен жүзеге асса, үш мың жылға жуық бұрын өмір сүрген көшпенділердің қандай болғанын көзбен көруге мүмкіндік туады. Көк түріктің бесігі болып келе жатқан өр Алтай мен қарт Каспийдің аралығында созылып жатқан алып дала оған дейін де ата-бабамыздың атамекені болғанын қазіргі қазба жұмыстары көрсетіп отыр . Қазақ даласының қойнауы алтын әріптермен жазылған кітап сынды. Әр бетін ашқан сайын адамзат баласы таңдай қағып тамсанады.
Мой аккаунт