Видеожолдау: Ержан Сұлтанбеков жалпы баттлы жайлы өз пікірін білдірсе, екінші орын иегері – KOSMOS тыңдармандары мен өзін қолдағандарға алғысын білдірді. Ал, баттл жеңімпазы – ALMAS J кішігірім сұхбат беріп, өзін қолдаған барлық жандарға алғысын білдіреді, сосын баттл ұтысын алғандығының дәлелі ретінде ақшаны көрсетеді.
Қазақ рэпі МСлерінің 99 пайызының бағын ашып суб-мәдениеттің дамуына зор үлкес қосқан Қазақ рэпіндегі ең ұлы шара - Ресми Қазақ Хип-Хоп баттлдың 9 сезоны өз мәресіне жетті.
Баттл 2014 жылдың 1 қазанынан бастап 2015 жылдың 20 наурызға дейін, яғни жарты жылдай мерзімге созылды. Ерекше атап кетер жәйт, баттлға 1000-нан астам адам тіркеліп, 400-ге жуық адам қатысты. Бұл дегеніміз, Ресми Қазақ Хип-Хоп баттлы әлі күнге дейін өзектілігін жоймай қазақ рэпінің бірден бір қайталанбас шарасы екенін кезекті рет дәлелдеді.
Ресми Қазақ Хип-Хоп баттлының негізін ШYNGYS пен Бауыржан Sarmakham сонау 2008 жылы қалап қана қоймай, оның 1 сезонынан 8 сезонына ұйымдастырып еді. Ал, осы 9-шы сезонының ұйымдастыру жағын Ержан Сұлтанбеков өз мойнына алғанын білеміз. Баттлдың 9-шы сезоны жайлы Республикалық арналар, басылымдар жарыса жариялап ақпар беріп жатты. Бүкіл қазақ рэпі тыңдармандары мен майталмандарының жіті назарында болды. Көптеген жаңа дарынды МСлердің жұлдызын жағып әмбеге танытты. Қысқасы, өте сәтті шара болды. Дегенмен, Ержан Сұлтанбеков мұндай шаранының тізгінін алғашқы рет ұстап отырғандықтан кемшліліктері жоқ емес, бар. Бірақ егер баттл жалғасын тауып келесі 10-шы сезон болатын болса осы сезонда жинақталған тәжірбие кемшілік жасауға жол бермейтіні анық. Сонымен, «Көп сөз – боқ сөз» демекші Ресми Қазақ Хип-Хоп баттлдың 9 сезонының нәтижесін көшелік. Талай қарсыластарын құлатып, жығып, сағын сындырып финалға әупірімдеп жүріп Семейлік ALMAS J мен Қызылордалық KOSMOS жетті. Сосын финал нәтижесін әділ-қазылар өте ұзақ шығарды. Себебі қиын таңдау болды, екі финалист те өте дарынды, қуатты МСлер. Ұзақ сөзталастардан кейін әділ-қазылар шешімдерін шығарып барша күткен баттл нәтижесі жарияланып отыр.
Жеңімпаз – ALMAS J бауырымызға бұйырды. Құттықтаймыз!
Баттл ұтысы - 200 000 теңге ALMAS J бауырымыздың шотына 2015 жылы 18 мамыр күні аударылды.
1 орын – ALMAS J
2 орын – KOSMOS
3 орын – RapLady және EraDar
Ресми Қазақ Хип-Хоп баттлдың 9 сезоны бас жүлдесі Семейге бұйырды. Жеңімпаз – ALMAS J бауырымызды тағы да құттықтаймыз! ALMAS J бауырымыз ресми түрде Семейді Қазақ рэпі картасына бекітті. Қазақ рэпі жасасын!
www.kzrap.kz