У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Түркістан қаласына қарасты он мыңнан аса тұрғыны бар Шаға ауылдық округінде учаскелік полиция пункті іске қосылды. Бұған дейін аталған аймақтың учаскелік инспекторлары ауыл әкімшілігін жұмыс жайы етіп келген. Ендігі ретте заман талабына сай іске қосылған тірек пункті ауылдағы қылмыстық ахуалды реттеп, тұрғындардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады