Tuesday, 23 June, 2026г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

SK News № 15

SK News № 15У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
2015 жылдың 5-ші маусымы SK.News бағдарламасының №15 шығарылымы. Назарларыңызға Қор компаниялары тобының жаңалықтарын ұсынамыз: маусым айында Қазақстандағы ең ірі күн электр станциясы іске қосылады. Ол жылына 74 миллион киловат сағат электр энергиясын өндіретін болады. «Самұрық-Қазына» АҚ мен ЕҚҚжДБ жобалық қаржыландыру механизмі бойынша іске асатын алғашқы келісімге қол қойды. «Эйр Астана» компаниясы Тбилиси мен Сеул қалаларына ашылған тікелей рейстердің тұсаукесерін өткізді. «Қазпошта» АҚ Астана мен Петропавл қалаларындағы әр ғимаратқа жеке индекс орнатуды бастады. Жеті таңбалы инденкстің алғашқысы облыс, одан кейінгісі қала, орналасқан ауданды білдіреді. Кез келген тұрғын өзіне қажетті орынның индексін білу үшін www.postcode.kz сайтына кіре алады; Астана әуежайы жылына 7 миллион 600 мың жолаушы қабылдауға қауқарлы болады. Ол үшін Елорданың әуе қақпасында жаңа терминал тұрғызылып, ұшып-қону алаңы кеңтіледі. Осы аптада Еуропа қайта құру және даму банкі жобаға 8,5 миллиард теңге бөлетіні белгілі болды.
Мой аккаунт